You are here

Сингапур: құндылыққа бағдарланған тәрбие де академиялық көрсеткіштер сияқты маңызды

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 08.03.2017

Оқушылардың академиялық көрсеткіштері жөніндегі рейтингтің көшбасшысы Сингапурда орта білім берудің назарын кезең-кезеңмен ауыстыру шешімі қабылданды. 

Меритократия мен баршаға арналған тең қолжетімділікке негізделген оқыту Сингапурды мектептерді бір мақсаттың айналасында біріктіріп, көптеген мемлекеттер қызығатын еңбексүйгіштік мәдениетінің қалыптасуына алып келді. Алайда, мемлекетте дүниежүзілік экономикаға қатысу үшін жоғары білікті жұмыс күшін ғана даярлаумен қатар, басқа уақыт келді деп санайды. Сингапурдың білім беру жүйесін дамытудың келесі кезеңі қолайлы ниеттенген, табысты өзара қарым-қатынас жасай алатын және негізгі адами құндылықтарды түсінетін жастарды тәрбиелеуге бағытталатын болады. 

«Мінездемелер» мен «Ой-толғаныс журналы» мемлекеттің көптеген бастауыш мектептерінде қазірдің өзінде-ақ енгізілген, бұл ата-аналарға өз балаларының әлеуметтік тұрғыдан ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік береді. Орта мектептегі "Іс-әрекеттердегі құндылықтар" бағдарламасы балаларды эмпатияға, әлеуметтік жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға үйретеді. Осылайша, оқушылар қарттарға, мигранттарға және "қиын" балаларға көмектесетін жобаларға қатысады. 

Үкімет бағалардың шегінен шығатын "табыс" ұғымының анағұрлым кең түсінігін насихаттайды. Сингапурдың азаматтары назарды құндылықтарға бағытталған оқытудың маңыздылығына аудару арқылы ата-аналар мен балалардың емтихан бағалары үшін "жағымсыз мазасыздануды" жеңуге үміттенеді. Өндірістік саладан тартылған кеңес берушілер оқушыларға мамандық тандауға көмектеседі және оларды  өжеттікке және мақсатқа ұмтылуға тәрбиелейді. 

Қолжетімділіктегі теңдікті қамтамасыз ету және өмір бойы оқыту жөніндегі іс-шаралардың арасында «SkillsFuture» (Болашақ дағдылар) бастамасы ерекше аталады, оның аясында Сингапурдың әрбір азаматы (25 жастан асқан) тұлғалық даму курсынан өту үшін 500 сингапур долларын алады.