You are here

Сингапурда екі тілде оқытудың 10 жобасы мақұлданды

Printer-friendly versionPDF version

The Straits Times, 04.01.2017

Сингапурдың Білім министрлігі Ли Куан Ю Билингвизм Қорының екі тілде білім беру жөніндегі 10 жобаны қаржыландыру туралы хабарлады. Осылайша, министрлік екі тілде оқытудың балалардың ұзақ мерзімді дамуындағы және олардың ұлттық сәйкестілігін сақтаудағы маңыздылығын атады.

Анықтама үшін: Ли Куан Ю Билингвизм Қоры (Lee Kuan Yew Fund for Bilingualism) 2011ж. балаларды олардың туған тілдерінде оқытуды дамыту үшін құрылды. Қазіргі уақытта Қор 220 ұсыныс алды, соның ішінде жалпы соммасы $10,3 млн. болатын 45 жоба мақұлданды.

Мақұлданған жобалар ағылшын тілін және Сингапур балаларының туған тілі болып табылатын қытай, малай және тамиль тілдерін оқытуға бағытталған. Сонымен бірге, Қор 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған Сингапур туралы кітаптардың топтамасын шығару үшін байқау жариялады.

Мақұлданған жобалардың арасында ТВ-жүргізушілермен онлайн-бейне, балаларға арналған ағылшын тілді кітаптарды Сингапурдың басқа ресми тілдеріне аудару, сонымен қатар 5-минуттық веб-сериал бар. Веб-сериалды Hoods Inc. Productions компаниясы әзірледі және балаларға олардың Отаны туралы қызықты деректерді ұсынады. Ол а.ж. шілдеде елдің барлық ресми тілдерінде қолжетімді болады.