You are here

Сингапурда мектепке дейінгі білім беру саласы мұғалімдерінің беделін арттыру жөніндегі жоспар жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Channel NewsAsia, 01.10.2016

Сингапурдың Әлеуметтік даму және отбасы мәселелері жөніндегі министрлік Мектепке дейінгі білім берудің мамандарын дамыту жоспарын (Early Childhood Manpower Plan) жариялады. 2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласына 4 мың мұғалімді тарту жоспарланды. Мамандықтың беделін арттыру шаралары да қарастырылған.

Енді мұғалімдердің кәсіби дамуына және мансаптық өсуіне көбірек мүмкіндіктері болады. Мектепке дейінгі білім беру саласы үшін құзыреттердің жаңа жиектемесі жасалды, ол тәрбиелеуші, мұғалім және көшбасшының әртүрлі білім беру ролдеріне қажетті мансаптық өсуді және дағдыларды қарастырады. Өз мамандығын өзгертіп, мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімі болғысы келетіндер үшін жұмыс орындарында оқыту курстары ашылады. Оқу барысында жалақы алу сақталады.

Біліктілікті арттыру кезінде мұғалімдердің алдыңғы тәжірибесі мен білімі ескеріледі. Бұл мұғалімдерге кәсіби даму үшін қажетті  курстарды, сабақтар мен білімді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. 

Тиімділікті жоғарылату үшін мұғалімдердің әкімшілік жұмысын төмендету мүмкіндігі қарастырылуда. Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдерінің Мұғалім күні демалыс болады.