You are here

Сингапурда мектепке дейінгі білім беру секторының үштен екі бөлігін үкімет бақылайды

Printer-friendly versionPDF version

TODAY, 22.08.2017

Сингапурда 2023 жылға қарай мектепке дейінгі білім беру секторының үштен екі бөлігін үкімет бақылайды. Қазіргі уақытта балабақшалардың басым бөлігі жекеменшік сектордың иелігінде. Сондай-ақ, жақында өтетін реформалар шеңберінде қолжетімділікті, сапаны қамтамасыз ету және баға саясатын реттеу жоспарланып отыр. 

Осылайша, 2020 жылға қарай мектепке дейінгі білім беретін мұғалімдердің саны 4000 адамға артады.

2022 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдарда 40 мың орын ашылады. Осылайша, жалпы орын саны 200 мыңға дейін жетеді.

Мектепке дейінгі білім бағасының қалыптасуын субсидиялар арқылы бақыланады.

Үкімет ұлттық мектепке дейінгі білім беретін мұғалімдерді оқыту және кәсіптік дамыту институтын ашады. Оқу 2019 жылы басталады.

Сонымен қатар, KidStart бағдарламасы жергілікті қоғамды және еріктілерді тарту арқылы нығайтылады. KidStart бағдарламасы төмен кіріс деңгейімен отбасылардан шыққан балаларға арналған.

Анықтама үшін: KidStart бағдарламасы туылғаннан 6 жасқа дейінгі балаларды "қолдайтын экожүйені" құруға бағытталған.  Пилот 2016 жылғы шілдеде іске қосылды, шамамен 1 000 бала қамтылды. Бағдарлама шеңберінде бала үш жасқа толғанша үйге бару қарастырылған, ­KidStart-групп (ойынхана) ұйымы ата-ананың күтім жасау дағдыларын жетілдіру және балалардың мектепке дайындығын арттыру үшін құрылды.