You are here

Сингапурда мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау күшейтіледі

Printer-friendly versionPDF version

Channel New Asia, 09.03.2017

Отбасы және әлеуметтік даму министрлігі "Инклюзивті мектепке дейінгі білім беру" моделін енгізу мүмкіндігін зерттейді, бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға басқа балалармен бірге мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Сингапурда бір ғана мектепке дейінгі ұйым дамуында ауытқулары бар балаларды қабылдайды. "Инклюзивті мектепке дейінгі білім беру" моделіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарға дамуында болмашы немесе ауытқулары бар балалар қабылданады. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік, коммуникативтік, когнитивтік дағдыларды, сонымен қатар моториканы да дамытуға мүмкіндік береді.   

Соңғы бірнеше жылда Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, балалардың даму қажеттіліктеріне ерте диагностика жасау үшін байланыс бекеттерінің желісі қалыптастырылды. Байланыс бекеттері емханалар мен ауруханалар дәрігерлерін, мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдерін қамтиды. Осылайша, бұл балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте жастан-ақ диагностикалауға және түзету жұмысын іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, 2018ж. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тәрбиелеушілерін қолдау орталығы жұмысын бастайды. Бұл орталықтың мақсаты - мамандардың жұмысына көмектесу, ақпараттандыру, оқыту және басқа мамандар мен тиісті ұйымдармен байланыс жасау.