You are here

Сингапурдың PISA-дағы жетістігінің құпиясы неде?

Printer-friendly versionPDF version

The Straits Times, 27.12.2016

PISA-2015 рейтингінде Сингапур барлық үш пәннен: математика, жаратылыстану және оқудан бірінші орынға ие болды. Жаратылыстанудан ең жоғарғы балды оқушылардың 24%-ы, оқудан 18%-ы және математикадан 35%-ы жинады.

Сингапур жетістігінің басты себебі стандартталған тесттер, анағұрлым маңызды тақырыптарды тереңдетіп оқу және білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың реттілігі болып табылады.

PISA-да стандартталған тесттердің болуы мен оқушылардың жоғары нәтижелерінің арасында өзара байланыс анықталды. Сингапурда бұндай емтихандар білім берудің әр деңгейі аяқталған сайын өткізіледі.

PISA көшбасшысының оқу жоспары өмірде қажетті дағдыларды тереңдетіп оқуға бағытталған. Бұндай тәсіл әлемнің басқа мемлекеттеріндегі білімді жан-жақты, бірақ жеңіл-желпі қамтудан ерекшеленеді.