You are here

Сингапурдың стартапы сандық сауаттылыққа балабақшадан бастап оқытады

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 03.02.2017

Jules компаниясы мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сандық сауаттылық курсын әзірледі. Ол балалардың алгоритмикалық ойлау және есептеу қабілеттерін ерте жастан дамытуға бағытталған. 

Сандық сауаттылық пен бағдарламалау дағдылары анағұрлым қажетті бола бастады. Компания өкілдерінің пікірі бойынша, бұндай сауаттылықты мектепке дейінгі жастың өзінде-ақ қалыптастыру керек. Есептік ойлау — бұл мәселелерді шешудің амалы, ол бағдарламалаушылар бағдарлама жазғанда шешетін міндеттерге ұқсайды. Ол үлкен тапсырманы шағын құрамдас бөліктерге бөлуді, шаблондарды тануды және қадамдық жоспарларды қамтиды. Әдіс шығармашылық тәсілдің маңыздылығын сақтай отырып, құрылымдық, талдамалық ойлауды ынталандырады.

Стартап Сингапурдың есептік ойлауды дамыту курстарын іске қосатын мектепке дейінгі ұйымдарымен ынтымақтастық жасай бастады. Оқыту планшеттердің көмегімен жүзеге асырылады. Оқыту қосымшасында виртуалды кейіпкерлер бар, олар балаларға бейнероликтер мен ойындардың көмегімен оқуға көмектеседі. Стартапты әзірлеушілер олардың жүйесі балаларға ерте жастан сандық сауаттылығын ашуға көмектеседі деп үміттенеді. Балалар неғұрлым ерте бастаса, келешекте олардан соғұрлым тиімді инженерлер мен бағдарламалаушылар шығады.