You are here

Смартфондар екі жасқа дейінгі балалардың сөйлеу қабілеттерін тежейді

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 5.07.2017

Америка педиатрия академиясының зерттеушілері екі жасқа дейінгі балалар смартфондар мен планшеттермен анағұрлым көп уақыт өткізсе, олар соғұрлым кеш сөйлей бастайтынын дәлелдеді. Отбасыда смартфондар, планшеттер, ойын приставкалары және басқа да портативті құрылғылар көбейген сайын екі жасқа дейінгі балалар олармен ойнауды және тіпті гаджеттердің қандай да бір функцияларын сөйлей бастағанға дейін пайдалана бастайды екен. Зерттеуге 6 айдан 24 айға дейінгі 894 бала қатысты. 18 айдағы балалары бар ата-аналардың шамамен 20%-ы олардың балалары портативті электронды құрылғылармен күніне орта есеппен 28 минут ойнайтыны туралы айтты. Тілдің дамуын бағалауға арналған құралдарды пайдалана отырып, зерттеушілер бала планшетпен немесе смартфонмен күніне қаншалықты көп уақыт өткізсе, оның сөйлеу қабілеті дамуының тежелу қаупі соғұрлым жоғары болатынын анықтады. 

Портативті құрылғыларды пайдалану уақытын 30 минутқа арттырғанда сөйлеу қабілеті дамуының тежелу қаупі 49%-ға артады екен. Бұл кезекте, ғалымдар баланың смартфонмен немесе планшетпен уақыт өткізу мен ымдап қарым-қатынас жасау сияқты басқа коммуникативтік қабілеттердің дамуы арасында тікелей байланысты анықтамады.