You are here

Солтүстік Еуропа елдері студенттерге анағұрлым қаржылай көмек көрсетеді

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 16.09.2017

Жақында жарияланған ОЭСР Education at a Glance 2017 баяндамасы бойынша, дүние жүзіндегі елдерді 2 факторға сәйкес шартты түрде 4 топқа бөлуге болады, әрбір ел бойынша студенттерге қаржылай көмек көрсету жүйесі арқылы университеттегі оқу ақысының деңгейі және қаржылай көмек.

Бірінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кіреді, олардың ішінде оқуға қаржы жұмсамайтын Финляндия және Норвегия елдері. Университетке түсер алдында олардың көпшілігіне мемлекеттік қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл елдерде студенттердің 55%-ы мемлекеттік грант, шәкіртақы және қарыз алуға мүмкіншілігі бар.

Екінші топқа Австралия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ елдері кіреді. Мемлекеттік және жеке униврситеттердің бакалавриат бөлімінде білім алушылардың оқуға жылдық төлем ақысы $4 мыңнан асады. Сонымен қатар студенттердің кемінде 80%-на шәкіртақы, грант және қарыз ретінде қаржылай көмек көрсетіледі.

Үшінші топқа Чили, Япония және Оңтүстік Корея кіреді. Бұл елдерде мемлекеттік университетте бакалавриат бөлімінде білім алушылар  оқуға үлкен қаражат жұмсайды, ал студенттерді қолдау жүйесі басқа елдерге қарағанда өте әлсіз дамыған.

Төртінші топқа Австрия, Бельгия, Италия және Швейцария елдерін жатқызамыз. Бұл елдерде мемлекеттік университетке төленетін ақы басқа елдерге қарағанда төмен болып табылады (шамамен орташа ақы $1,7 мың), бірақ бұл шектеулі қаржылай көмек, кейін арнайы топтарға бағдарланады.