You are here

Spotify 0-3 жастағы балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға арналған білім беру материалдарын қамтитын болады

Printer-friendly versionPDF version

TechCrunch, 16.08.2016

Spotify компаниясы өз қосымшасында балалардың сөйлеу қабілетін дамытатын плейпарақшасын іске қосты. Музыка, ата-аналардың балалармен ән салуы сияқты, 0-3 жастағы балалардың миын және сөйлеу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Балалардың отбасыдағы дамуын және оқуын дамытуды қолдау мақсатында Spotify "Балалар және отбасы" санатына білім беру материалдарын қосты. 

Анықтама үшін: Spotify — музыкалық композицияларды тыңдауға арналған онлайн қызмет көрсетуден және тұтынушыдан тұратын кешен. Қызмет көрсету 2008ж. Швецияда іске қосылды, өте тез әйгілі болды және қазіргі уақытта Еуропа мен АҚШ-тың шамамен барлық елдерінде қолжетімді. Spotify әртүрлі жанрда тыңдауға арналған 10 млн. астам трек ұсынады. 

Балаларға арналған жаңа плэйпарақшалар шомылу немесе машинада жүру сияқты күнделікті іс-әрекеттерге арналады. 

Өлеңдердің арасында ата-аналар мен баланың өзара қарым-қатынасын және өзара іс-әрекеттерін жоғарылатуға бағытталған дыбыс нұсқаулығының болуы оның басты ерекшелігі болып табылады. Мысалы, дыбыс нұсқаулығы ата-аналарды баламен билеуге, балаларды өлеңнің әуеніне сәйкес шапалақтауға немесе ата-аналармен бірге әуенге өлең жолдарын ойдан құруға өтінуі мүмкін. Дыбыс нұсқаулықтары ағылшын және испан тілдерінде қолжетімді.