You are here

STEM білім беру АҚШ-ты автоматтандырудан қорғап қалады

Printer-friendly versionPDF version

hightech.fm, 21.12.2016

2016ж. 20 желтоқсанда АҚШ экс-перзиденті Барак Обаманың әкімшілігі автоматтандырудың ел экономикасына ықпалы туралы есепті жариялады. Жаңа есепте ел экономиканы автоматтандырудың қиратушы салдарынан аман алу үшін қабылдауға тиісті шаралар сипатталған. 

Баяндаманың авторлары STEM білім беруге инвестиция салуға басты назар аударды. Жоғары білікті мамандарды ерте жастан даярлау керек. Өткен жылдың ақпанында Барак Обама барлық америкалық жалпы білім беретін мектептерге информатикадан бағдарламаларды енгізуге АҚШ бюджетінен $4 млрд. сұрады, экс-президенттің пікірінше ол жаңа базалық дағды болды.

Ақ үйдің талдаушыларының бағалауы бойынша, АҚШ-та шамамен 3,1 млн. жүргізуші автоматтандырудың салдарынан жұмысынан айрылады. Автоматтандырудың басты құрбаны таксисттер мен курьерлер болады. Жүк тасымалдау саласында пилотсыз технологиялар жұмыс орындарының 80-100% жоғалуына әкеледі.

Есеп жасанды интеллект жобаларына инвестицияларды арттыру қажеттілігін атайды. Қаржы саласында кибер шабуылдан қорғауға  және алаяқтарды анықтауға арналған технологиялар анағұрлым перспективалы болады. Баяндама жасанды интеллектті теріс түсіну мәселесін де атады. Жасанды интеллект, әсіресе, сақтандыру мен несие беру, сонымен қатар персоналды алу процесіне қатысты кемсітуші шешімдерді жиі қабылдайды.

Анықтама үшін: Жасанды интеллект – әдетте адамның айрықша құзыреті деп саналатын зияткерлік жүйелердің шығармашылық функцияларды орындау қасиеті.

Есептің толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қолжетімді https://www.whitehouse.gov/sites/whitehouse.gov/files/images/EMBARGOED%20AI%20Economy%20Report.pdf