You are here
Стэнфорд университеті мектеп жасында математикалық сауаттылықты қалыптастыруға арналған ресурстарды әзірлей бастайды


Stanford News Center, 30.06.2016
Стэнфорд университеті мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық сауаттылығын дамытатын ресурстар әзірлеуді жоспарлады.
Қызметті Стэнфорд университеті Білім берудің жоғарғы мектебі жанындағы мектепке дейінгі білім берудегі математикалық сауаттылық дамыту және мәселелерін зерттеу желісі жүзеге асырады.
Ресурстарды әзірлеуді математикалық ойлауды және басқару дағдыларын дамыту; ата-аналар мен тәрбиелеушілерді математикалық білімге тарту; мектепке дейінгі білімнің және бастауыш білімнің сабақтастығы; мұғалімдердің кәсіби дамуы сияқты төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарлануда.
Оқу материалдарын дайындау, педагогикалық тәжірибенің тиімділігін анықтау, тесттік кітаптарды, ойындарды және сабақтарды әзірлеу, математика бойынша оқу бағдарламаларының тұтастығын қалыптастыру мәселелерін зерттеу, сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған модульдер тобын құру жоспарланды.