You are here

Студенттердің 38%-ы ЖОО аяқтаған мерзімнен кейін 5 жылда Голландияда қалады

Printer-friendly versionPDF version

Thepienews.com, 05.08.2016

EP-Nuffic білім беру саласындағы халықаралық ұйымның есебіне сәйкес голландық университеттерді аяқтаған шетелдік студенттердің үштен бір бөлігінен астамы Нидерландыда оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл өтсе де қалады. 

Анықтама үшін: EP-Nuffic – сараптамалық орталық, оның негізгі мақсаты голландық білім беруді: бастауыш пен орта білімнен жоғары кәсіптік және ғылыми-зерттеу біліміне дейін интернационализациялау болып табылады. 

ЭЫДҰ зерттеу нәтижелері көрсеткендей, дүниежүзіндегі шетелдік студенттердің 25%-ы оқуды аяқтағаннан соң 5 жылдан кейін де жоғары білім алған елде қалады. Бұндай студенттердің 71%-ы жұмысқа орналасты, бұл сәйкес елдердің шетелдік мамандарды тартудың тиімді саясатын көрсетеді. 

Голландық сарапшылар атап көрсеткендей, елдегі шетелдік студенттердің саны жылдан жылға артып келеді, мысалы, 2014-15 оқу жылында 90000 шетелдік талапкер қызғалдақтар елінің ЖОО қабылданды.