You are here

Сұранысы төмен мамандықтар: оқуға қайда түспеген дұрыс?

Printer-friendly versionPDF version

Smart Course, 1.06.2016

Smart Course Ресей кеңес беру компаниясы 2015ж. қорытындылар бойынша сұранысы төмен мамандықтардың тізімін жариялады.

Тілші

Газет пен журналдардың баспалары интернет БАҚ-қа бәселес бола алмайды, дегенмен көптеген ЖОО әлі де студенттерді дәстүрлі әдіспен оқытады.

 

Банк қызметкері

Банк қызметкерлеріне сұраныстың төмен болуы – қаржы дағдарысының салдары. Қаржы мекемелері несие беруді азайтты. Осы саладағы мамандарға деген сұраныс та азайды. 

Заңгер 

90-жж. Ресейде заңгерлер жетіспеді. азіргі уақытта ұсыныс сұраныстан артық, нарық толы. Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтерді дамыту да осыған ықпал етті. 

Экономист

Жұмыс нарығы экономисттерге толы. Қаржы дағдарысының салдарынан осы саланың мамандарына әмбебап болу керек. Өйткені компаниялар экономист-бухгалтерді, экономист-менеджерлерді және т.б. іздейді.

Персоналды оқыту жөніндегі маман

Оқыту мен біліктілікті арттыру курстарын көптеген компаниялардың қалтасы көтермейді. Негізінде, бұл топ-менеджерлерді оқытатын мамандарға қатысты. Сондықтан, жаңа қызметкерлер  әріптестерінен жол жөнекей үйренеді.

Бухгалтер

Бухгалтерлер ұзақ жұмыс істейді әрі өз компаниясының қызметінде жақсы бағдарланған, сондықтан басшылыққа осы лауазымға тәжірибесі жоқ маманды жұмысқа алу тиімсіз. Сонымен қатар, еңбекақысы жоғары болғандықтан, қызметкерлер жұмысынан өз еркімен шығуға асықпайды.

 

 

Тәртіп сақтаушы мекемелердің қызметкерлері

Бұл ең алдымен жол полициясы мен инспекторларына қатысты. Сарапшылар жақын арада қарулы күштер құрылымында ауқымды штаттық қысқартулар күтілуде деп болжайды. 

Анықтама үшін: 2015ж. күзде өткен "Заң білімі: интеграциялық процестер жағдайындағы басқару механизмдері" атты бірінші жалпыресейлік форумда РФ Білім және ғылым министрлігі жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Александр Соболев Ресейдің жұмыссыз азаматтардың шамамен жартысы ЖОО-ны экономикалық және заң мамандықтары бойынша бітіргенін атап өтті. Соболевтің айтуынша, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтар, нақты экономикамен, жаңа технологияларды дамытумен және жаңа өндірістерді құрумен байланысты мамандықтар сұранысқа ие болады.