You are here

Тағы бір зерттеу ағылшын оқушылардың оқу үлгеріміндегі үлкен алшақтықты дәлелдеді

Printer-friendly versionPDF version

TES, 27.02.2017

Англияның әлеуметтік ұтқырлық жөніндегі комиссиясы академиялық үлгерімдегі артып жатқан алшақтық халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың біртұтас ұрпағының табысты келешегіне деген үмітті кетіретінін ескертеді.

Комиссияның жаңа зерттеуі тегін ыстық тамақ алатын оқушылардың GCSE емтихандарында 8 басты пән бойынша нәтижелері, қолайлы отбасылардан шыққан қатарластарымен салыстырғанда, шамамен бір жарым есе төмен болатынын көрсетті.

Баяндамада жазылғандай, бастауыш және орта мектепті аяқтағаннан кейін әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен оқушылардың оқу үлгерімінің арасындағы алшақтық та артып келе жатыр. Осылайша, «2012 жылдан бері кедей отбасылардан шыққан оқушылардың ілгерілеуі, олардың қатарластарының ілгерілеуімен салыстырғанда, төмендеп бара жатыр». Әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардан шыққан оқушылар бастауыш мектепте қаншалықты жақсы оқығанына қарамастан, орта мектептің өзінде-ақ олар басқа оқушылардан артта қалады. 

Зерттеудің авторлары "орта білім беру жүйесі кедей отбасылардан шыққан оқушылар үшін жұмыс істемейтінін мойындауға және оларға өз құрдастары сияқты академиялық үлгерімде дәл сондай ілгерілеуді жасауға кедергі келтіретін кедергілерді жоюға " шақырады.