You are here

Таиландта колледж студенттерінің ағылшын тілін оқуға арналған жаңа қосымшаны іске қосылды

Printer-friendly versionPDF version

bangkokpost, 06.01.2017

Колледждердің білім алушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Таиландтың Білім министрлігі ағылшын тілін оқуға арналған жаңа қосымша әзірледі.

Енді студенттер екі айдың ішінде кәсіби ағылшын тілін тегін оқи алады. Қосымша тоғыз бағыт, соның ішінде туризм, маркетинг, инженерлік іс және т.б. бойынша кең таралған сөз тіркестерді қамтиды. Қосымша ағылшын тілінің тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын пысықтау бойынша 200-ге жуық сабағын ұсынады.

Студенттерден ағылшын тілін емін-еркін меңгеру күтілмейді, бірақ олар тілдің базалық деңгейін еңбек нарығында пайдалану керек.