You are here

Талантты мұғалімдерді іздеу және тәрбиелеп өсіру: PISA көшбасшы елдерінің тәжірибесі

Printer-friendly versionPDF version

Education and Skills Today, 21.03.2017

Мұғалімдер кез келген білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Алайда, мұғалім мамандығына дұрыс үміткерлерді іріктеу қиын міндет деп көрінуі мүмкін. Қиындық "жақсы" мұғалімді анықтаудан басталады.

Тез өзгермелі әлемде өзінің пәндік саласындағы жақсы білім, сыныпты басқару дағдылары мен білім алушыларға көмек көрсетуге ұмтылыс заманауи мұғалімнің міндеттеріне жауап беру үшін қазір жеткіліксіз. Қазіргі уақытта мұғалімдер білім алушылардың әртүрлі топтарын оқыта алу, оның оқушыларына жақын келешекте қажет болатын  жаңа технологияларға және оқу бағдарламасындағы өзгерістерге, дағдылар мен құндылықтарға бейімделе алу керек. Шынында: мұғалімдердің басым бөлігі осы дағдыларды жұмыс орнында дамытады, бұл әлеуетті тиімді мұғалімдерді ең басынан болжауды қиындатады.

Бірақ бұл PISA көшбасшы елдеріне тиісті үміткерлерді табуға кедергі келтірмейді. Финляндия, Гонконг, Макао және Қытай Тайбэйінде, мысалы, мұғалімдерді даярлау бағдарламасына кіруге ниет білдіргендер жоғары бәсекелі қабылдау емтиханын тапсыру керек. Жапонияда бұл бағдарламаның бірі бойынша дайындықтан өту жеткіліксіз: түлектер мұғалім болып жұмысқа кіріспес бұрын емтихан тапсыруы тиіс.

Сертификаттауға қойылатын талаптар да оқытушылық құрамның сапасын арттырады. Зерттеулер сертификатталмаған мұғалімдермен салыстырғанда, сабақ беретін пән бойынша сертификатталған мұғалімнен көбірек білетінін көрсетті. PISA-2015-те жаратылыстанудан ЭЫДҰ бойынша орташа мәннен жоғары нәтижелер көрсеткен мемлекеттерде, басқа елдермен салыстырғанда (76%), толық сертификатталған мұғалімдердің пайызы анағұрлым жоғары (92%).

Жақсы нәтижелерді көрсететін мемлекеттер мұғалімдердің кәсіби дамуына да ерекше мән береді. Бұл елдерде білім алушылардың кем дегенде 80%-ы мұғалімдерді оқыту үшін мамандарды шақыратын, жұмыстан қол үзбей семинарларды ұйымдастыратын немесе мұғалімдердің бір-бірімен ынтымақтастығы бойынша жұмысты ұйымдастыратын мектептерде білім алады. Алжир, Бразилия, Косово және Түркия сияқты мемлекеттерде осындай мектептердің үлесі небәрі 40-60% құрайды.