You are here

Таңғы ас оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға ықпал етеді

Printer-friendly versionPDF version

China Daily, 13.11.2016

Білім беру капиталы қорының зерттеуі таңғы астың және басқа асты қабылдаудың оқушылардың оқу үлгеріміне ықпал ететін маңыздылығын анықтады. Егер бастауыш сыныптың оқушысына тегін таңғы ас берілсе, онда бір оқу жылында оқудың екі айына тең келетін беталысқа қол жеткізеді екен. 

Ұлыбританияда осы бастан-ақ бастауыш мектептерде тегін тамақтандыру бағдарламалары жұмыс істейді. Сиқырлы Таңғы ас (Magic Breakfast) 467 мектептің 31 мың баласын таңғы аспен қамтамасыз етеді. Британдық қазынашылықтың бұрыңғы басшысы Джордж да мектептегі таңғы асты газдалған сусындар салығын жақында ұлғайту есебінен қаржыландыру туралы айтты.

Сиқырлы Таңғы астың өкілдері көптеген мектептер оқушыларға қажетті деңгейде тамақтандыруды ұсыну мүмкіндіктері жоқ екенін айтты. Егер олардың бастамасына ұлттық деңгейде қолдау көрсетілсе, баршаны тегін таңғы аспен қамтамасыз етуді 2020 жылға қарай қол жеткізуге мүмкін болады.