You are here

Татарстанда РФ-дағы ең ірі технопарк ашылды

Printer-friendly versionPDF version

AiF.ru, 19.07.2017

Альметьевск татар қаласында «Кванториум» технопаркі ашылды.

Анықтама үшін: Кванториум -  жоғары технологиялық құралдармен жабдықталған, жаңа жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға, инновациялық технологияларды және бастамаларды әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге бағытталған алаңдар. Бүгінгі танда Ресейде 23 «Кванториум» технопаркі ашылды.

Жаңа технопарк Татарстанда ашылған үшінші технопарк болды және төрт мың шаршы метрлік ауқыммен Ресейде ең ірі технопарк болып табылады. Құрылыстың бір бөлігі федералдық бюджеттен қаржыландырылды – қаражаттың басым бөлігін Татарстанның жекеменшік инвесторлары және билігі өтеді.  

Кванториумға келушілер «Наноквантум» (нанотехнологиялар), «Нейроквантум» (нейрохирургия), «Робоквантум», «IT-квантум» (жасанды зият) және «Өндірістік дизайн» (3D баспа) сияқты бағыттарды зерттей алады. Технопарк 400 баланы оқытуға есептелген. Оқытушылардың ішінде А.Н. Туполева-КАИ атындағы Қазань ұлттық зерттеу техникалық университетінің және Альметьев мұнай институтының ғылыми қызметкерлері бар. Кванториумның базасында әртүрлі шығармашылық үйірмелердің және секциялардың жұмысы қарастырылған.