You are here

Тайванда ЖОО оқытушылары үшін жаңа атақтар енгізіліп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Taiwan News, 07.11.2016

Тайванның көптеген көшбасшы университеттері тәжірибелі және танымал оқытушыларды сақтап қалу үшін "еңбек сіңірген профессор" және "құрметті профессор" атақтарын енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл жаңалықты Білім министрлігі жоғары білім беру саласында білікті мамандардың көші-қонын тоқтату үшін оқытушылардың жалақысын жоғарылату ниеті туралы хабарлағаннан кейін бастамашылық етілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік ЖОО-дағы жалақы еңбекақының белгіленген қатаң шкаласына сәйкес тағайындалады. Ол, әдетте, басқа азиялық ЖОО-мен салыстырғанда да бәсекелес емес.

Министрлік мемлекеттік ЖОО-да "икемді төлеуді" енгізуді, соның ішінде жас оқытушыларға үш жыл бойы $320-дан $950-ға дейінгі мөлшерде айлық шәкіртақы берумен ынталандырады деп мәлімдеді.

Цинхуа Хочэн Хун (Hocheng Hong) Университетінің Президенті оның мектебі пәтер берілмеген оқытушыларға айына $320 мөлшерінде тұрғын үйге демеуқаржы енгізуді жоспарлайтынын айтты. Цинхуаның еңбекақының икемді шкаласы оқытушылардың айлық табысын $640-дан $3200 дейін арттыруға мүмкіндік береді деген болжам бар.