You are here

Тайванның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары сұраусыз қалды

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 04.01.2017

Білім министрлігінің статистикалық деректеріне сәйкес Тайвань ЖОО-лар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 151 бағдарламасына студенттерді жинай алмады. Студенттер болмауының негізгі себебі туу деңгейінің төмендеуі болды.

Жетекші университеттердің көп бөлігі орта есеппен бакалавриат бағдарламаларының 95%-дан астамын толтырғанымен, 17 оқу орны 60%-дан кем жинады. Бірнеше жекеменшік ЖОО бірде-бір талапкерді тарта алмады.

Тайванның Ұлттық университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің әлеуметтану, өнер тарихы, экология және эволюциялық биология сияқты жеті бағдарламасына бірде-бір студент тіркелмеді.  

Егер студенттер контингенті 3 мыңнан кем болса немесе ЖОО оқу орындарының 60%-ын екі жылда толтыра алмаса, Білім министрлігінің ЖОО жұмысына араласуға құқығы бар.

Осыған байланысты Білім министрлігі қаражаты студенттер саны аз университеттерге көмектесуге бағытталатын қорды ұйымдастыруды жоспарлап жатыр.