You are here

Тәджікстанда 20 ресейлік мектеп ашады

Printer-friendly versionPDF version

Москва-Баку, 27.02.2017

Ресейдің көшбасшысы Владимир Путиннің Тәджікстанға ақпанның соңындағы сапары барысында бірқатар екіжақты келісімдерге, соның ішінде білім беру саласындағы келісімдерге қол қойылды.

РФ бірінші вице-министрі Игорь Шуваловтың мәлімдеуінше, келіссөз аясында орыс тілінде білім беретін 20 мектеп салу жоспарланды. Мектептер құрылысын толығымен ресейлік тарап қаржыландырады. 

Бұл қадам екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығын нығайтады – қазірдің өзінде ресейлік ЖОО-да Тәджікстаннан келген 21 мың студент, соның ішінде 10 мың студент бюджеттік негізде білім алып жатыр.