You are here

Тәджікстанда колледждер мен техникумдарға қабылдау емтихандары енді орталықтандырылады

Printer-friendly versionPDF version

News.tj, 13.05.2016

Тәджікстанның азаматтары ТжКБ жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау емтихандарын республиканың Президенті жадындағы Ұлттық тестілеу орталығында (ҰТО) тапсыруға міндетті болады. 

Анықтама үшін: ҰТО Тәджікстанда 2013 жылы ашылды, онда алғашқы емтихандар 2014 жылы тапсырылған болатын. Бүгінгі күнге дейін ҰТО-да емтихандар жоғары оқу орнына түсу үшін ғана тапсырылып келді. ҰТО-да емтихан тапсыру үшін $25 төлеу керек. 

Тәджікстанның Білім және ғылым министрінің орынбасары Бозорали Одиназодтың айтуынша, бұл талаптар республиканың қарулы күштері үшін кадрларды даярлайтын оқу мекемелерінде де қолданылады.   

Талаптар техникум, колледждер және басқа да кәсіптік оқу мекемелеріне түсу кезінде жемқорлықты болдырмау мақсатына бағытталады.