You are here

Teach for America жобасы edХ-те курстарды іске қосуда

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme.ru, 22.08.2016

Teach for America Мұғалімдердің көшбасшылық және педагогикалық әлеуетті дамыту ұйымы edX онлайн платформасында өкілдік ашты. 

Анықтама үшін: Teach for America ұйымының негізін 1989ж. Принстон университетінің түлегі қалады. Жас мамандар оқытудан өтіп, табысы төмен отбасылардан шыққан оқушылары басым мектептерде тағлымдамадан өтеді.

2015 жылдан бастап РФ-да "Ресейдің мұғалімі" ұқсас бағдарлама жұмыс істейді. Жоба білім беру жүйесін зерделеген және оны жаңартуға және дамытуға ықпал етуге қабілетті жас талантты мамандардың қауымдастығын қалыптастыруды қарастырады.  

edX платформасында әзірленген бірінші курс жоғары мектепте геометрияны оқытуға арналды. Курсқа қатысушылар геометрияның негіздері бойынша сабақ жоспарын қалай құруды және  қызықты сабақтарды қалай  өткізуді білді. 

Анықтама үшін: EdX – бұқаралық ашық онлайн курстардың (MOOCs) тегін интернет-платформасы. Массачусетс технологиялық институты және Гарвард университеті 2012ж. негізін қалады.