You are here

Технологиялар Африкада білімнің қолжетімділігін кеңейтеді

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 25.01.2016

ЮНЕСКО деректеріне сәйкес Африкада 30 млн. астам бала мектепке бармайды. Континенттің көптеген елдерінде педагог мамандардың жетіспеушілігі бар. Білім қолжетімсіз балалар мәселесін шешу үшін заманауи гаджеттер мен сандық технологиялар таратылады.

Электронды оқыту жоғары білім саласында да кеңінен таралып келеді. Мысалы, 310 мың адам Оңтүстік Африка Университетінде (UNISA) қашықтықтан білім алып жатыр. Электронды оқыту ОАР-дағы жоғары білімнің қымбаттылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді, ал бұл болса, елдегі студенттік наразылықты азайтуға ықпал етеді.

ОАР Үкіметі электронды оқытумен қамтуға айтарлықтай қаражат бөледі, сондықтан мектептер мен ЖОО-ға бейімделу және оқытудың дәстүрлі әдістерін қайта қарастыру керек.