You are here

Технологиялық стартаптар Сингапурда білім беру қызметтерінің нарығына ене бастады

Printer-friendly versionPDF version

channelnewsasia.com, 28.02.2017

Үй тапсырмалары бойынша кеңес беруді және армандаған колледжді тандауды автоматтандырудың арқасында Сингапур оқушыларының өмірін жеңілдетті.

Технологиялар саласында кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы білім берудің елдегі басымдылықтарын пайдалануды ұйғарды. Үй тапсырмасын орындау, онлайн-тьютерді табу және шетелдік университеттерге түсу туралы деректерді талдауғакөмектесетін ресурстар мен әзірмелердің көмегімен бұл стартаптардың авторлары білім беру технологияларының табысты нарығында (edtech) өз орнын табуға үміттенеді.

Бұл сала 2013ж. белсене дами бастады, ол кезде Apple және Google сияқты технологиялық алыптар білім беру саласына өз әзірлемелерін белесене енгізе бастады. Болжамдар бойынша, 2020ж. қарай білім беру технологиялар әлем нарығының өсімі 17%-ды ($252 млн) құрайтын болады. Америкалық әзірлеушілермен қатар, азиялықтар да бұл саланың дамуына өз үлестерін қосып жатыр.

«Экономика құлдыраса да, адамдар білімді бұрынғыдай инвестициялайды, өйткені бұл - экономикалық дағдарыста да дами беретін сектор" деп Cialfo сингапурлық стартаптың атқарушы директоры Рохан Пасари санайды. Оның әзірлемелерінің математикалық алгоритмдері талапкерлерді шетелдік ЖОО-ға қабылдау ықтималдығын есептеуде  пайдаланылады. Оның жеке деректерін талдағаннан кейін ресурс ықтимал университеттердің қысқаша тізімін шығарады, содан соң оны кеңес берушілер тексереді. Оқуға түсудің бүкіл процесін онлайн бақылауға болады. Ресурс мобильдік қосымша және сайт түрінде қолжетімді.

Басқа платформа, Tueetor, оқу орталығының арзан баламасы бола отырып, оқушыларға онлайн режимде дербес жаттықтырушыларды тауып, оларға үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Онлайн ресурс жарты жылдық мерзімде 300 жуық пәннен сабақ беретін (математикадан йогаға дейін) 1500 астам жаттықтырушыны тартты.

Miao тегін қосымшасы оқушыларға математикалық дағдыларды жаттықтыруға көмектеседі. Тапсырманың суретін жүктеп, оқушы 10 секундтың ішінде оған жауап және осыған ұқсас тапсырмалар алады.

Кейбір стартаптар сингапурлық нарықта лайықты орнын іздеумен болса, басқалары шетелде белсене таралып жатыр. Cialfo, мысалы, қазірдің өзінде-ақ қытайлық нарыққа кіріп, жергілікті жаттықтырушылар мен мектептерді ынтымақтастыққа шақырып жатыр.

Стартаптар авторларының пікірінше, бұл әзірлемелердің сәттілігі Сингапур білім беру жүйесінің мықты беделіне негізделген.