You are here

Times Higher Education 2017 жас ЖОО-лар рейтингісінің нәтижелерін жариялады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 05.04.2017

Әлемдегі жас ЖОО-лар, әдетте, шетелдік студенттерді тарту  және халықаралық зерттеулерді жариялау бойынша өзінің аға ЖОО-дан озады. Бұндай қорытындыға Times Higher Education (THE) сарапшылары келді.

Ұзақ тарихы бар ЖОО-лардың әдетте едәуір қаржы ресурстары мен оқыту және зерттеу саласында тұрақты беделі болғанымен, ТНЕ деректері бойынша Жас ЖОО-лар интернационализациядан жақсы нәтижелер көрсетеді.

Негізі 2000 жылдан қазіргі уақытқа дейін қаланған оқу орындары, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі мерзімде негізі қаланған университеттермен салыстырғанда, әртүрлі мемлекеттердің ЖОО-лары ғалымдарымен бірлескен авторлықпен жазылған зерттеулердің анағұрлым көп санын жариялайды.

Негізі 1986-1999жж. мерзімде қаланған университеттер («Y Ұрпағы»), орта есеппен халықаралық студенттердің анағұрлым көп санын тартады. 

Деректер жас топтары әртүрлі университеттердің ТНЕ университеттердің халықаралық рейтингінде ұсынылған орташа балдарына негізделген. Екінші мыңжылдық пен Y ұрпақтың ұрпағы атынан өкілдік еткен университеттер топтарымен қатар, талдау «Х Ұрпағы» (1967-1985) және «Алтын ғасыр» (1945-1966) университеттері бойынша деректерді де қамтиды.

Екінші мыңжылдық ұрпағының тобындағы Люксембург университеті (негізі 2003ж. қаланды) және Аль-Файсал университеті, Сауд Аравиясы (негізі 2002 ж. қаланды) интернационализациядан ең жоғары балдарды жинады, бұған халықаралық студенттердің, ПОҚ және зерттеулер үлесі бойынша көрсеткіштер кіреді.

Сонымен қатар, деректер Х Ұрпағының және екінші мыңжылдық ұрпағының университеттері, жалпы алғанда, дәйексөз келтіру бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті.

Лозанна Федералдық политехникалық мектебі (1969) үшінші жыл қатарынан ТНЕ жас ЖОО рейтингісінің көшбасшысы болды. 

Ұлыбритания анағұрлым танымал мемлекет болды (27 ЖОО). Екінші орында – Австралия (23 ЖОО).

Рейтингке 200 үздік жас ЖОО кірді. THE-нің барлық қалған рейтингтері секілді ол ғылымды, білімді және инновациялық қызметті біріктіретін 13 критерий негізінде жасалды, алайда, академиялық мәртебеге ең төмен үлес беріледі. 

Топ-100-ге екі ресейлік ЖОО кірді: Мәскеу физика-техникалық институты 46-орынды, Жаңасібір мемлекеттік университеті 88-орынды иеленді.

THE жас университеттері рейтингі ЖОО-ларының Топ-10

Орын

ТНЕ негізгі рейтингіндегі орын

Оқу орны

Мемлекет

Негізі қаланған жыл

1

=30

Лозанна Федералдық политехникалық мектебі 

Швейцария

1969

2

49

Гонконг ғылым және технология университеті

Гонконг

1991

3

54

Наньян технология университеті

Сингапур

1991

4

=104

Пхохан ғылым және технология университеті

Оңтүстік Корея

1986

5

=89

Корей озық технологиялар институты (KAIST)

Оңтүстік Корея

1971

6

94

Маастрихт университеті

Нидерланд

1976

7

119

Гонконг қалалық университеті

Гонконг

1984

8

=135

Ульм университеті

Германия

1967

=9

=144

Карлсруэ технологиялық институты

Германия

2009

=9

=190

Әулие Анна Жоғары Мектебі

Италия

1987