You are here

Times Higher Education бас редакторы ресейлік ЖОО-ның әлемдік білім беру нарығында тартымсыз болуының себебін түсіндірді

Printer-friendly versionPDF version

ИА ТАСС, 24.02.2016

Times Higher Education бас редакторы Фил Бейти пікірінше, Кеңес Үкіметі құлдырағаннан кейін білім беру саласын жеткіліксіз қаржыландырудың кесірінен Ресей көп дарындылардан айрылды. Уақытты жоғалтып, ресейлік ЖОО бәсекеге қабілетсіз болды. Басқа мемлекеттер, мысалы, Қытай, керісінще, көп жыл қатарынан білім беру жүйесін нығайтуға қомақты қаржы жұмсады.  

Дегенмен, ол қазір елдегі оңтайлы өзгерістерді байқады. Атап айтқанда, "5-100" жобасының іске асырылуы. Бұл Ресей мәселенің барын түсініп, жаһандық нарықта ресейлік ЖОО болуы керек деген қажеттілікті түсінгенін білдіреді. 

Анықтама үшін: «5-100» жобасы — ірі ЖОО-ға қолдау көрсететін, ресейлік жоғары білімнің беделін көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Жобаның мақсаты - жобаға қатысушы университеттердің бесеуін QS, Times Higher Education немесе Academic Ranking of World Universities рейтингтерінің нұсқасы бойынша үздік жүздігіне шығару. 

Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату, оның пікірі бойынша, мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы мен инвестицияларға тікелей байланысты болады. Дарынды ғалымдардың өз мансаптарын жалғастыру үшін басқа мемлекеттерге кетпей, Ресейде қалуы үшін жағдай жасау керек.

Дегенмен, қазіргі кезде әлеуеті жоғары университеттердің кішігірім тобына ғана назар аудару керек. Ұлыбритания, Қытай, Жапония және басқа да елдер осылай жасайды. Үкімет университеттердің шағын тобын тандап, оларға қолдау көрсетеді және осы ЖОО есебінен әлемдік аренада жақсы нәтижелер көрсетеді. Егер қаржыны кең ауқымға бөлетін болсақ, онда бұл жеткілікті әсер бермейді.

Бұдан басқа, Ресейде университеттер арасында қаржылану үшін қатаң бәсекелестік болуы шарт. Қазіргі кезде ол жоқ. 

Тағы бір маңызды себеп – ЖОО-ларды интернационализациялау. Әлемнің үздік университеттері "жаһандық" болып табылады, олар әртүрлі елдердің үздік студенттері мен ғалымдарын тартады. Бұл тек университеттің беделін көтеріп қана қоймай, студенттік тәжірибені де байытады. Бір жерде ойлау қабілеті әртүрлі адамдар жиналып, бір аудиторияда немесе зертханада жұмыс істеген кезде, бұл шығармашылық және жаңашыл нәрсені ойлап табуға мүмкіндік береді. Күшті ұлтаралық топ жаңашыл зерттеулер өткізеді, ғылыми жаңалықтар ашады және жаңа технологияларды дамытады. 

Ресейлік ЖОО үлкен мәселесі деп Бейти олардың тар бағытын санайды. Ол фокус пен «мөлдір» специализацияның болғаны дұрыс деп санайды. Дегенмен, бүгін қызықты әрі келешегі зор мүмкіндіктер өзгеріп жатқан әлемге дайын әрі қиғаш пәндерді оқығандарға ғана беріледі. 

Студенттерге қажетті білім беру керек, олардың сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.  

Арнайы маманды даярлағанда, оған тек бейіндік пәндер оқытсаңыз, ол шығармашылық тұлға болып қалыптаспайды. Зерттелмеген әлем үшін бұндай тәсіл жарамайды.  Технологиялар жағдайында, яғни әлі шығарылмаған технологиялар мен техникамен жұмыс жасауға дайын болу керек.