You are here

Times Higher Education "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" бағыты бойынша үздік ЖОО-ларды атады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 13.09.2017

Times Higher Education британдық баспасы "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" (Arts and Humanities) бағыты бойынша ЖОО-лардың пәндік рейтингін жариялады, ол «Өнер, актерлік шеберлік» (Art, Performing Arts & Design), «Тілдер, әдебиет және лингвистика» (Languages, Literature & Linguistics), «Тарих, философия» (History, Philosophy & Theology), «Сәулет» (Architecture) және «Археология» (Archaeology) мамандықтарын қамтиды.

Пәндік рейтинг THE World University Rankings 2017-2018 әлемдік рейтингінің бес санатқа топтастырылған 13 көрсеткіші негізінде жасалады, олар: білім, ғылыми-зерттеу жұмыстары, дәйексөз келтіру, интернационалдандыру, инновациялар.

Рейтинг 401 ЖОО-ны саралайды (өткен жылы - 100 ЖОО).

Рейтингте АҚШ-тың 103 ЖОО-сы бар, олардың 35-і Топ 100-ге кірді (өткен жылы - 39). Рейтингте Ұлыбританияның 56 ЖОО-сы бар, олардың 19-ы алғашқы жүздікке кірді.

Стэнфорд университеті рейтингтің көшін бастады. Массачусетс технологиялар институты және Гарвард университеті оған табан тіреп тұр. Рейтингтің Топ 10-на тек қана АҚШ пен Ұлыбританияның ЖОО-лары кірді. Рейтингтің Топ-20-ға Пекин университеті, ал Топ 50-ге Цинхуа Университеті алғаш рет кірді.

Бес ЖОО-сы: М. Ломоносов атындағы ММУ (51), Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (126-150), Экономика жоғары мектебі (176-200), Казань федералдық университеті (201-205), Томск мемлекеттік университеті (201-250) рейтингте Ресейдің атынан өкілдік етті.

ЖОО ректоры Виктор Садовничевтің айтуынша, ММУ ғалым-қазбашыларының еуропалық, америкалық, оңтүстік корей және жапон әріптестерімен бірлескен жобалары халықаралық маңызы бар жаңалықтарды ашуға, сондай-ақ әлемдік білім беру және ғылыми-зерттеу қауымдастығында байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

 

«Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағыты бойынша THE-2018 пәндік рейтингінің Топ-10

2018

2017

ЖОО

Мемлекет

1

=1

Стэнфорд университеті

АҚШ

2

9

Массачусетс технологиялар институты 

АҚШ

3

=1

Гарвард университеті

АҚШ

4

3

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

=5

5

Кембридж университеті

Ұлыбритания

=5

4

Лондонның университеттік колледжі 

Ұлыбритания

7

10

Чикаго университеті

АҚШ

8

=6

Принстон университеті

АҚШ

9

8

Йель университеті

АҚШ

10

=6

Колумбия университеті

АҚШ