You are here

Times Higher Education үздік азиялық ЖОО-ларды атады

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 16.03.2017

Сингапур Ұлттық университеті Times Higher Education (ТНЕ) Азия университеттерінің рейтингіне сәйкес екінші мәрте континенттің үздік ЖОО болды.

Рейтинг сарапшыларының пікірлеріне сәйкес, Малайзия, Индонезия, Пәкістан мен Таиланд болашақта жоғары білімнің жетекші орталығына айналуы мүмкін.  

Ағымдағы жылдың рейтингі 200-ден 300 ЖОО-ға дейін кеңейтілді. 

Оңтүстік Азияның ең танылған мемлекеті Таиланд болды (10 ЖОО). Малайзия нәтижелерін едәуір арттырды. Биыл рейтингке тоғыз ЖОО кірді (жетеуі топ-200-де), өткен жылы олардың саны төрт болды.

Сарапшылар Малайзияның жоғары білім нарығында бәсекелестікке үлкен әлеуеті бар деп санайды. Малайя университеті, елдің жетекші ЖОО, THE жалпы рейтингінде 59-орынды алады. Бұл кезекте, ол биыл рейтингке алғаш рет қатысты. Университет интернационализацияда анағұрлым мықты. Шетелдік студенттердің жалпы санынан үлесі 2000ж. 5%-дан 2017ж. 18%-ға дейін артты. Сонымен қатар, ЖОО оқытушыларының 20%-ы – шетелдіктер.

Жалпы алғанда, азия елдерінің арасында Жапония көшбасшы (69 ЖОО). Алайда, мемлекеттің кейбір ЖОО-лары өз позицияларын жоғалтты. Бұл кезекте, қытайлық, гонконгтық және үнді ЖОО-ларының позициялары жақсарып келеді.

THE Азия ЖОО рейтингінің Топ-10

Азия ЖОО рейтингіндегі орын

ТНЕ негізгі рейтингіндегі орын

Университет

Мемлекет

1

24

Сингапур Ұлттық университеті

Сингапур

2

29

Пекин университеті

Қытай

3

35

Цинхуа Университеті

Қытай

4

54

Наньян технология университеті

Сингапур

5

=43

Гонконг университеті

Гонконг

6

49

Гонконг ғылым және технология университеті

Гонконг

7

39

Токио университеті

Жапония

8

=89

Корей озық технологиялар институты

Оңтүстік Корея

9

=72

Сеул ұлттық университеті

Оңтүстік Корея

10

=104

Пхохан ғылым және технология университеті

Оңтүстік Корея