You are here

Тинькофф Банк МФТИ-інде "Қаржы технологиялары" кафедрасын ашып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Тинькофф Банк, 25.04.2017

Тинькофф Банкі "Қаржы технологиялары" кафедрасын ашып, Мәскеу физика-техникалық институтінде екіжылдық магистерлік бағдарламаны іске қосып жатыр (QS WUR 2016/17-де 350-орын). Кафедраны банктің негізін қалаушы Олег Тиньков басқарады, ал онлайн банктің қызметкерлері онда оқытушы болады.

Анықтама үшін: Тинькофф Банкі — Ресейдің бөлшек қаржы қызметтерінің жетекші онлайн провайдері, ол 5 млн. астам клиентке қызмет көрсетеді. Бөлімшелерден толығымен бас тартқан банк қашықтықтан қызмет көрсететін жоғары технологиялық жеке платформаның көмегімен клиенттерді ғаламтор және call орталық арқылы тартып қызмет көрсетеді. Банктің негізін 2006ж. кәсіпкер Олег Тиньков қалады.

Оқыту үш бағыт бойынша өтеді, оның әрқайсысы онлайн банктің қызметімен байланысты болады:

  • «Функционалдық бағдарламалау» - Scala тілінің мысалында студенттер функционалдық бөлікті тереңдетіп оқумен бағдарламалаудың негізгі парадигмаларын зерттейді;
  • «Қаржы технологияларындағы машиналық оқыту» - студенттерді машиналық оқыту әдістерінің көмегімен нақты болжамдар жасауға және дұрыс шешім қабылдауға үйретеді;
  • «Жауаптар мен сұрақтардың зияткерлік жүйелері» - студенттерді клиенттермен "адамша" қарым-қатынас жасауға қабілетті қаржы чат-боттарды жасауға үйретеді. 

Алғашқы 20 студент биылғы жазда кафедраға қабылданады. Үш бағыттың әрқайсысы 6-7 адамға есептелген. Магистерлік бағдарламаға түсу үшін талапкерлерге, МФТИ қабылдау емтихандарымен қатар, Тинькофф Банкінде ішкі емтиханнан және сұхбаттан өту керек. Кафедрада білім алу тегін және екі жылға есептелген.