You are here

Томск политехінің лицейінде робот-мұғалім сабақ бере бастайды

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 16.05.2016

Томск политехникалық универсиитетінде (ТПУ) жасалған робот-мұғалім 2016 жылдың күзінде томск мектептерінде сабақ бере бастайды. Механикалық мұғалімнің алғашқы "жұмыс" орны ЖОО жадындағы лицей болады. 

Томск политехінің жас ғалымдары әзірлеген мобироботтың көмегімен оқушылар математикадан, физикадан, химия мен информатикадан теориялық және тәжірибелік білім алады. 

Мобильдік платформаның арқасында робот-мұғалім көпфункционалды болады, ал бірегей құрылғылардың жүйесі оқушыларға оптика, лазерлік физика, термодинамика мен физиканың басқа да бөлімдердің заңдылықтарымен тәжірибе жүзінде танысуға мүмкіндік береді.  

Басында мобиробот өз оқушыларға теорияны түсіндіреді, ал содан кейін олармен онлайн-тестілеу мен пәндік тәжірибені өткізеді. Роботты әртүрлі тәсілдермен басқаруға болады – USB, Bluetooth, Wi-Fi, интернет көмегімен смартфонға, компьютерге немесе планшетке қосуға болады. Сонымен қатар, политехниктер мобироботтарды қолдану арқылы әртүрлі оқыту курстар бойынша оқытудың онлайн-жүйесін жасамақшы. 

Робот-мұғалімді құрумен ТПУ шағын инновациялық кәсіпорынның ғылыми-техникалық мекемесінің жас ғалымдары айналысады. Роботтың бағасы қолданыстағы аналогтардан бірнеше есе арзан. Болашақта әзірлеушілер электронды көмекшіні тек Томск облысы бойынша ғана емес, бүкіл Ресей мектептерінің заманауи мұғалімдерінің қолдануына енгізуді жоспарлап отыр.