You are here

Төсбелгілер жүйесі Ұлыбритания университеттерінің жаңа рейтингінде қолданылатын болады

Printer-friendly versionPDF version

Guardian, 29.09.2016

Ұлыбритания университеттеріне жаңа рейтингте алтын, күміс және қола тағайындалады. Мінсіз оқыту мемлекеттік бағдарламасының (Teaching Excellence Framework) бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама ЖОО-да оқыту сапасының деңгейін анықтауға бағытталған. 

Рейтинг студенттердің қанағаттанушылығы, оқудан шыққан студенттердің үлесі және түлектердің жұмысқа орналасуы туралы деректер сиқты көрсеткіштерге негізделетін болады. Бағалауды оқыту саласының сарапшылар тобы, студенттік қауымның және жұмысберушілердің өкілдері өткізеді.

Рейтингтің алғашқы нәтижелері 2017 жылғы мамырда жарияланады. 2018 жылдан бастап рейтингтің негізінде қандай университеттерге оқу ақысын құнсыздану пайызына дейін көтеруге рұқсат берілетіні анықталады.

Ұлыбританияның Университеттер ісі және ғылым министрі Джо Джонсонның (Jo Jonson) пікірінше, рейтинг студенттер үшін оқыту сапасы ең жоғары ЖОО туралы сенімді ақпараттың қайнар көзіне айналады.