You are here

Түлектердің көбісі Ресейдің университеттеріне қарағанда колледждерін жиірек тандайды

Printer-friendly versionPDF version

mel.fm, 15.06.2016

Ресейде мектептен кейін жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің арақатынасы бірте-бірте өзгеріп келеді. Бұны 272 елді мекен мен талапкерлердің 1500 ата-анасын қамтыған Superjob зерттеу орталығының зерттеуі куәландырады.  

Анықтама үшін: Superjob – Ресейде әлеуметтік сауалнамаларды, маркетингтік зерттеулерді, еңбек нарығы мамандарының жалақыларына шолулар  өткізетін зерттеу орталығы.

2010ж. мектептен кейін ЖОО-ға түсетін талапкерлер саны 80%-дан 48%-ға дейін кеміді. Керісінше, сауалнамаға қатысқандардың 23%-ы осы жылы оқуын училище мен колледждерде жалғастырады, 2010ж. олардың үлесі 8% болды.

ЖОО талапкерлері арасында сұранысқа ие мамандықтардың тұрақты үштігі: бағдарламалау, дәрігерлік іс және инженерлік мамандықтар. ЖОО болашақ студенттері ата-аналарының 11%-ы олардың ұлдары мен қыздары ақпараттық технологиялар мен медицинаны тандағандарын айтты. ЖОО талапкерлерінің әрбір оныншы ата-анасы баласының инженерлік мамандықты меңгеріп алғысы келетіні туралы айтты. Сауалнамаға қатысқандардың 7%-ы педагогикалық университеттерге оқуға түседі. Сонымен қатар, заң саласындағы мамандықтар да сұранысқа ие (7%). Құрылыс және архитектура саласындағы мамандықтарды 6%, экономика саласын 5% тандады.