You are here

ҰБТ аналогын Бразилияда қалай тапсырады?

Printer-friendly versionPDF version

The Boston College Center for International Higher Education, 01.05. 2016

Бразилияның мектеп түлектеріне арналған емтихан жүйесі (Exame Nacional do Ensino Medio – ENEM) мектеп оқушыларының білімін бағалау мақсатымен алғаш рет 1998ж. енгізілді. Бразилия Білім министрлігі және федеральдық университеттер ENEM-ді талапкерлерді оқуға қабылдаудың негізі ретінде пайдалана бастады. 

Емтихан португал тілі, математика, жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар тапсырмаларын, шығарманы қамтиды. Емтихан екі күнге жалғасады және әр жылы бүкіл ел бойынша бір уақытта өтеді. Емтиханды сәтті тапсырған талапкерлер университеттің орналасқан жеріне қарамастан, екі федералдық университетке өтініш тапсыруға құқылы. Емтиханның нәтижелері бойынша жекеменшік жоғары оқу орындары да шәкіртақы тағайындау немесе ауқатты емес отбасылардан шыққан талапкерлерге несие беру туралы шешімді қабылдайды. 

ENEM емтиханы қоғам жағынан бірнеше рет сынға түсті. Емтихан тапсыруда сыбайлас жемқорлық орын алады. Емтихан сұрақтарының сапасының, әсіресе әлеуметтік ғылымдар саласындағы сұрақтар сапасының мәселесі де жоқ емес. 

Емтиханды өткізу үшін Үкімет жылына шамамен $100 млн. жұмсайды, кедей отбасылардан шыққан және мемлекеттік мектептерде білім алатын оқушылардың көбі  $15 көлеміндегі төлемақыдан босатылады. 

Статистика жақсы жекеменшік немесе элиталық мемлекеттік мектептерде оқыған, білімі жоғары отбасылардан шыққан жастардың оқуға түсу мүмкіндігі жоғары болатынын көрсетеді. Бұл емтихан нәтижелеріндегі келіспеушілікті тудырады, өйткені осыған байланысты кішігірім қалалар мен ауыл аймақтардың оқушыларына жоғары оқу орнына түсу бұдан да қиын болады.

Ұлттық бірыңғай емтихан жүйесін енгізу федералдық университеттер мен жергілікті қоғамдастық арасындағы байланыстың әлсіреуіне әкеп соқтырды.Басында бұл университеттер жергілікті халыққа жоғары білім алу мүмкіндігін ұсыну және аумақтарды дамытуға ықпал жасау үшін құрылды. ENEM емтиханы жоғары білімді қолжетімді ету үшін енгізілді, өйткені талапкерлер бір уақытта әртүрлі аумақтарда орналасқан университеттерге құжат тапсыру мүмкіндігіне ие болды. 

Дегенмен кедей отбасылардан шыққан талпкерлер қаржының жетіспеушілігінен жоғары білім алу үшін басқа аймаққа көше алмайды. Сонымен қатар, ұлттық бірыңғай емтиханның нәтижелерін жаппай қабылдау жоғары білім беру жүйесін одан да элиталық етті. Енді елдің алшақ аймақтарында орналасқан жоғары оқу орындары бай аймақтардың бай талапкерлерін, егер олар білім алу үшін көшуге дайын болса, оларды жаппай қабылдайды, сондықтан жергілікті талапкерлер ұтымсыз жағдайға ұшырады.