You are here

Уэльсте ата-аналардың төрттен үш бөлігі сәйкес қызметтерге төлеудің орнына балаларын туыстарымен тегін қалдыруды қалайды

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 25.08.2016

Уэльсте 0-ден 14 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналардың 77%-ы балаларға күтім жасау қызметінен гөрі туған-туысқандарының немесе достарының көмегіне жүгінеді. Бұндай деректер Уэльстің балаларға күтім жасау жөніндегі 2014-2015жж. ұлттық сауалнамасы барысында алынды. 

Өз кезегінде туған-туыстарының 51%-ы аптасына 1-10 сағат, ал 32%-ы – 10-30 сағат күтім жасады.

Төлемақының болмауы - бұндай тандаудың негізгі себебі. Осылайша, 0-4 жастағы балалары бар ата-аналардың 50%-дан астамы балаларға күтім жасау қызметін алуда төлемақысы себебінен қиындықтарға тап болады. Басқа себебі - қызметтің жұмыс кестесі икемділігінің төмен болуы. 0-2 жастағы балалары бар ата-аналардың 22%-ына және 3-4 жастағы балалары бар ата-аналардың 25%-ына өздерінің жұмыс кестесімен сәйкес келетін балаға күтім жасау қызметін табу қиын болды.