You are here

Украина білім министрі көптілділікті қолдайды

Printer-friendly versionPDF version

osvita.ua, 13.04.2017

Украинаның Білім министрі Лилия Гриневич украиндық оқушылардың көптілділігін дамыту тақырыбында өткен сараптамалық талқылау шеңберінде сөз сөйледі. Гриневич мектептер бірнеше тілді білетін балаларды түлек етуге ұмтылу керек екенін атап өтті. Бұл оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізумен қатар, халықаралық байланыстарды орнатуға да ықпал етеді. 

Көптілділік балаларда ХХІ-ғасырдың құзыреттерін дамыту аясында қалыптасуы тиіс деп санайды Гриневич. Бұндай құзыреттердің арасында мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау, шетел тілдерінде қарым-қатынас жасау, әлеуметтік және азаматтық құзыреттер мен жалпы мәдени сауаттылық аталды. 

Сонымен қатар, Гриневич украин тілінде білім беретін мектептерде контингенттің артуына қарамастан, азшылықтар өкілдері мемлекеттік тілдің жеткілікті деңгейіне жетпейтін мектептердің едәуір саны әлі де бар екенін атады. Өйткені украин тілін білу мектепте білім алудың қорытындасы бойынша сырттай тестілеуді тапсырудың міндетті шарты болып табылады, көптеген балалар жоғары білімнің қолжетімділігінен айрылады. Осылайша, 2016ж. Закарпатье түлектерінің 36% жуығы украин тілінен ықтимал 12 балдан тек 1-3 балл ғана жинады.