You are here

Украинада 10-11 сыныптарда міндетті пәндердің саны азаяды

Printer-friendly versionPDF version

Osvita.ua, 16.01.2017

Украинаның Білім және ғылым министрлігі жоғарғы сыныптардағы пәндердің санын айтарлықтай қысқартуды жоспарлап жатыр. Міндетті пәндердің саны 22-ден 9-ға дейін қысқартылады.

Білім министрінің орынбасары Павел Хобзей 10-11 сыныптардың оқушыларына ЖОО-ға түсуге дайындалуға анағұрлым көп уақыт керек деп санайды. Пәндердің санын қысқарту оқушыларға бар күшін бейінді пәндерді тереңдетіп оқуға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Жоғары мектепте біріктірілген бейінді пәндерді енгізу бұның басқа себебі болып табылады. Егер Үлгілік оқу жоспарының жобасы қабылданса, 10-11 сыныптарда «Әдебиет», «Тарих», «Адам және қоғам» және «Математика» біріктірілген пәндері пайда болады.  

Мысалы, құқықтану, экономика және "Адам және қоғам" пәнінен біріктірілген сабақтар "Адам және қоғам" пәнінің шеңберінде ұсынылады. Биология, география, астрономия, экология, физика, химия "Адам және табиғат" пәніне біріктірілді. Осылайша біріктірілген пәндер әртүрлі пәндерде қайталанатын тақырыптар мәселесін шешуге мүмкіндік береді.