You are here

Украинада ата-аналар білімінің балалардың оқу үлгеріміне ықпалы анықталды

Printer-friendly versionPDF version

Osvita.ua, 23.12.2016

Украинаның Білім аналитикасының институты әлеуметтік-экономикалық ортаның оқушылардың оқу үлгеріміне ықпалын зерттеудің нәтижелерін ұсынды. Зерттеудің шеңберінде мектептердің 2016ж. 51 мың түлегі сауалнамаға қатысты.  

Сауалнаманың деректері бойынша, оқушылардың 86,9%-ы репетитордың қызметтеріне өз бетімен жүгіне отырып, сырттай тәуелсіз бағалауға мақсатты дайындалды.

Сонымен қатар, зерттеу оқу шарттарының оқушылардың оқу үлгеріміне ықпалын да бағалады. Қала жанында орналасқан ауылдарда дәулетті отбасылар балаларын қалалық мектептерге беруге шешетіні анықталды. Сырттай тәуелсіз бағалаудың нәтижелері ауылдық мектептерге қарағанда қалалық мектептерге анағұрлым жоғары.

Сонымен бірге, зерттеу ата-аналардың білім деңгейі оқушылардың нәтижелеріне ықпал ететінін растады. Анағұрлым білімді отбасылардан шыққан балалар оқуды, ТжКБ қарағанда, ЖОО-да жалғастыруға бейім болды. Шетелде оқуды жоспарлап жатқан оқушылардың 71%-ының кем дегенде бір ата-анасының жоғары білімі бар екен.

Сырттай тәуелсіз бағалауда ең жоғары балды ата-анасы ақпараттық технологиялар, білім, журналистика және жарнама салаларында білікті маман болып табылатын балалар көрсетті. Ата-анасы ауылшаруашылық, құрылыс, көлік және байланыс салаларында жұмыс істейтін ата-аналардың балалары ең төмен балл жинады.