You are here

Украинада Global Teacher Prizе конкурсының ұлттық кезеңі басталды

Printer-friendly versionPDF version

osvita.ua, 27.04.2017

Украинада Global Teacher Prize конкурсының ұлттық кезеңі басталды. Конкурсты Varkey Foundation 2014 жылдан бері өткізіп келеді. $1 млн. мөлшеріндегі сыйақы мұғалім мамандығына зор үлес қосқаны үшін беріледі (конкурс және оның нәтижелері туралы толық ақпаратты №101/102 Дайджесттен оқи аласыз).

Сыйлықтың Украинадағы кезеңіне «Освіторія» қоғамдық одағы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бастамашылық етті. Конкурстың ұлттық кезеңі Украинада мұғалімнің беделін арттыру және сыныпта сабақ берудің инновациялық тәсілдерін ынталандыру мақсатымен тағайындалды.

Өтінімді а.ж. 15 тамызға дейін беруге болады, топ-5 қыркүйекте анықталады. Өтінімді ата-аналары, балалары және әріптерстері, сонымен қатар мұғалімнің өздері бере алады.  

Жеңімпаз Мұғалім күні белгілі болады, ол 100 мың гривен сыйақы алады, біліктілігін бір жыл бойы тегін арттырады, конкурстың халықаралық кезеңіне тіркеледі және Дубайда өтетін 2018ж. Жаһандық білім беру форумына жолдама алады. Бұдан бұрын украиндық мұғалім Анна Дудич смартфондар мен бейнеконференцияларды оқытуда пайдаланғаны үшін конкурстың халықаралық кезеңінің топ-50 кірді.