You are here

Украинада мектепке дейінгі білімді 3-5 жастағы балалардың 74% алады

Printer-friendly versionPDF version

ПрессОРГ24, 09.09.2016

Қазіргі уақытта Украинада мектепке дейінгі білімді 3-5 жастағы балалардың орта есеппен 74% алады. Білім және ғылым министрі Лилия Гриневич мектепке дейінгі біліммен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстың жүзеге асырылатынын атап өтті. Алдағы жылдарда мектепке дейінгі ұйымдардағы 90 мың орынның қажеттілігі мәселесі шешілу керек. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін шамамен 11 мың қосымша орын енгізілді, ал жылдың соңына дейін 25 мың орынды енгізу жоспарланды.

Министрдің айтуынша, мамырдың соңында қабылданған мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жаңа санитарлық регламент жергілікті өзін-өзі басқару органдарына анағұрлым қолайлы және балалар үшін пайдалы болып табылатын, бірақ жаңа мектепке дейінгі топтардыды құру үшін анағұрлым аз қаражатты қажет ететін нормалар бойынша жаңа ұйымдардың үй-жайларын анағұрлым икемді  ашуға мүмкіндік береді.