You are here

Украинада мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған "балалар университеті" ашылды

Printer-friendly versionPDF version

ITC.ua, 22.12.2016

Украиндық әзірлеушілер Learning.ua "балалар университетінің" онлайн жобасын іске қосты, бұнда математика, украин тілі, оқудан интерактивті тапсырмалар, сонымен қатар сәбилер мен оқушыларға арналған қызықты тапсырмалар мен ойындар жинақталады. Сайт жаңа технологиялар мен халықаралық педагогикалық тәжірибені пайдалана отырып, білімнің деңгейін жақсартуға көмектесу мақсатында жасалды.

Сайтқа арналған бағдарламалар Украинаның Білім және ғылым министрлігінің базалық және толық жалпы орта білімнің жаңа мемлекеттік стандарттар бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын оқу бағдарламаларының негізінде, сонымен қатар Common Core білімнің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленді. 

Анықтама үшінCommon Core білім стандарттары  - орта мектептердің әртүрлі сыныптарының оқушыларына арналған математика және ағылшын тілі шығармашылығының білім мақсаттары. Common Core ережелері базалық пәндерді анағұрлым терең түсінуге бағытталған мақсаттарды немесе стандарттарды анықтайды, бұл оқушыларды колледжде, жұмыста және өмірде табысқа жетуге жақсы дайындау үшін керек. Common Core стандарттары Вашингтон штатының орта мектептерге арналған білім стандарттарына кіреді және 2011ж. қабылданды.

Сайт сәбилер мен мектепке дейінгі деңгейден 11-сыныпқа дейін біртіндеп толықтырылады. Оқу процесінің ядросы математика, оқу және украин тілі болып табылады - дәл осы пәндер сайтта бірінші кезекте ұсынылады.

Қазіргі уақытта 3-4 жастағы балаларға арналған "Сәби" деңгейі ғана іске қосылды, бұнда тек математикадан ғана тапсырмалар ғана берілген. "Сәби" деңгейінің сабақтары баланың түс, нысан, кеңістік, салмақ, сан сияқты базалық түсініктерін дамытады. Сәбилер логикалық және ассоциациялық ойлауды дамыта отырып, заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша топтастыруға үйренеді.

Кейінірек әзірлеушілер оқу мен украин тілін қосады, содан соң 4-6 жастағы балаларға арналған "Мектеп жасына дейінгі бала" деңгейін іске қосады. Жалпы алғанда сайтты әзірлеушілер бір жасқа бір айда шамамен бір пәннен сабақ сала отырып, өз бағдарламаларымен барлық жастағы балаларды сәбилерден (3-4 жас) 11-сынып оқушыларына дейін (16-17 жас) қамтуды жоспарлап отыр.