You are here

Украинада негізгі мектептің оқу бағдарламалары жаңартылды

Printer-friendly versionPDF version

osvita.ua, 12.06.2017

Украинаның Білім және ғылым министрі Лилия Гриневич 5-9 сыныптардың оқу бағдарламасын жаңарту туралы бұйрыққа қол қойды. Негізгі мектептің 40 басты оқу бағдарламасы өзгертіледі. Осылайша, украиндық мектептердің барлық дерлік жалпы білім беретін пәндері қамтылады.

Мектепте оқу бағдарламасын жаңарту негізгі білімнің бірыңғай мақсатын анықтауға және оған қол жеткізудің тетіктерін әзірлеуге бағытталған. Пән емес, оқушының өзі басты рөлді ойнайтын оқыту негізгі мақсат ретінде анықталды. Оған құзыреттердің толассыз сызықтарын қалыптастыру, яғни бірнеше пәнді қамтитын пәнаралық дағдылар арқылы қол жеткізіледі.

Мысалы, "Азаматтық жауапкершілік" және "Іскерлік және қаржылық сауаттылық" құзыреттері әдебиетке, украин және шетел тілдеріне де, жаратылыстану және география пәндеріне де енгізіледі. Осылайша, украиндық оқушылар пәндік білімді алумен қатар, болашақ өмірге қажетті болатын негізгі дағдыларды меңгереді.

Министрлік жаңартылған оқу бағдарламасы "Жаңа украиндық мектеп" шеңберінде жұмыс істейді деп есептейді. Осы бастаманы бұдан бұрын министрлік бекітті және ол украиндық оқушылардың құзыреттерін және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған болатын.