You are here

Украинада талапкерлерге арналған мобильдік қосымша жасалды

Printer-friendly versionPDF version

ru.osvita.ua, 24.07.2017

Украинаның Білім мәселелері жөніндегі Бірыңғай мемлекеттік электронды қоры "Талапкердің жеке электронды кабинеті" мобильдік қосымшасының бастапқы нұсқасын іске қосты. Осы бағдарламаның көмегімен талапкерлер ұялы телефондар және планшеттер арқылы ЖОО-ларға түсу туралы өтініштердің мәртебесін және конкурстардың нәтижелерін бақылай алады.

Қосымшаны пайдалану үшін талапкерге жеке электронды кабинеттің логинін және құпиясөзін енгізу керек. Қазіргі уақытта сервис Android операциялық жүйесінің пайдаланушыларына қолжетімді, сондай-ақ App Store-да қосымшаны тіркеу рәсімі басталды.

Әзірлеушілер қосымша өтінішті онлай беру, қабылдау емтихандарын онлайн тапсыру мүмкіндіктерін беріп, оқуға түсу туралы берілген өтініштерге өзгерістер енгізу мүмкіндігін бермейтінін және белгілі бір конкурстық ұсынысқа қабылдау конкурсына қатысуда артықшылықтар бермейтінін атап өтті.