You are here

Украинадағы ағылшын тілі жылының қорытындылары жасалды

Printer-friendly versionPDF version

Osvita.ua, 29.12.2016

2016ж. Украинадағы Ағылшын тілінің жылы болып жарияланды. Оның қорытындыларын жасай отырып, Білім министрінің орынбасары Павел Хобзей жазғы тілдік лагерьлердің саны мен сапасының өсуін басты жетістік деп атады. Оның айтуынша, GoCamp ағылшын тілді лагерьлер Украинаның 127 мектебінде ұйымдастырылды. Оларға  9 мыңға жуық бала мен әлемнің 40 елінен 120 ерікті қатысты.

Министрдің орынбасары Ағылшын тілінің жылы Украинада ағылшын тілін дамыту жолындағы алғашқы қадам болғанын айтты. 2017ж. жоспарда 100 мың баланың 1 мың шетелдік ерікті жұмыс істейтін GoCamp лагеріне баруы қарастырылған.

Мектеп түлектерінің ағылшын тілін В1 деңгейде, ал мамандандырылған мектеп түлектерінің В2 деңгейде білуін қамтамасыз ету басқа міндет болып отыр.

Анықтама үшін: Ағылшын тілін білудің жалпы еуропалық құзыреттеріне сәйкес В деңгейі тілді толыққанды білуді қарастырады. В1 деңгейі тілді межелік деңгейде, ал В2 деңгейі тілді межелік ілгері деңгейде білуді білдіреді.

Ағылшын тілін білуді дамыту бойынша бастама қызметтің басқа да салаларын қозғады. Мысалы, а.ж. 5 мың мемлекеттік қызметкерді ағылшын тілін білуге тестілеу жоспарланды, ал олардың 2 мыңы тілді тегін оқуға мүмкіндік алады. Евровидение-2017 орай такси және қонақ-үй бизнесінің қызметкерлерін тегін оқыту да жоспарланды.