You are here

Украинаның БҒМ "Жаңа украиндық мектеп" жобасын ұсынды

Printer-friendly versionPDF version

Osvita.ua, 16.12.2016

Украинаның Білім министрі Лилия Гриневич "Жаңа украиндық мектеп" атты саяси ұсынысты жасады. Саяси ұсынысты министрлер кабинеті құптады және ол стратегиялық құжат болып табылады, оның негізінде 2029ж. дейін білім беру реформалары өткізіледі. Ол озық әлемдік тәжірибелерге сәйкес әзірленді және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап береді.

Министр білім мектебінен құзырет мектебіне өту қажеттілігі туралы айтты. Бұл оқушылар келешекте пайдалана алатын базалық білімді анықтауды білдіреді. Оқытуға сыни ойлау, жасампаздық, эмоциялық зият және күрделі тапсырмаларды орындау сияқты дағдыларды дамыту енгізіледі. Гриневичтің айтуынша, ата-аналардың 10%, мұғалімдердің 15,3% және директорлардың 8,8% қазіргі уақытта мектептер бұл дағдыларды береді деп санайды.

Сонымен қатар, Министр украиндық орта білім 50 жылдан астам уақыттан бері реформаланбағаны туралы хабарлады. Реформалардың қажеттілігі орта білімнің бәсекеге қабілеттілігі, адами капиталдың сапасы мен Украинаның ғылыми-техникалық әлеуетінің төмендеу тәуекелін білдіреді.