You are here

Украинаның мектептері қағаз жүзінде есеп беруге миллиондаған қаржы жұмсайды

Printer-friendly versionPDF version

Osvita.ua, 12 Сентября

Мұғалімдермен кездесуге Украина білім және ғылым министрінің орынбасары Павел Хобзей және министрдің кеңесшісі Оксана Макаренко баяндама жасады. Олар Украина Үкіметінің білім беру саласындағы бюрократияны азайтуға бел буғаны туралы мәлімдеді. «ЕдКемп Україна» қоғамдық қозғалысы бұл бастаманы мұғалімдер мен директорлардың сауалнамасымен ұштастырды.

Анықтама үшін: «ЭдКэмп Україна» – Украинадағы қоғамдық қозғалыс. Коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның мақсаты мұғалімдерге арналған кәсіби даму бағдарламаларын ұсыну болып табылады.

Сауалнама мектептің құжатайналымына және есеп беруге қатысты мәселелерді анықтауға бағытталды. Сауалнамаға 5 857 мұғалім мен мектеп әкімшілігінің 2 054 өкілі қатысты.

Зерттеудің алдын-ала нәтижелері мұғалімдердің үкіметтің қағаз есеп беруді азайту ниетімен сәйкес келгенін көрсетті. Мұғалімдердің басым бөлігі аумақ бойынша мектеп жасындағы балаларға есеп жүргізуді, шағынаудандарға есеп жүргізуді, семинарларға қатысу туралы есепті, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы құжаттарды жоюды қалайды.

Мұғалімдер бос уақытын отбасыға, өздігінен білім алуға, біліктілікті арттыруға және демалысқа арнағысы келеді. Дегенмен, мектеп әкімшілігі мұғалімдердің оқушыларға да көбірек көңіл бөлгенін қалайды.

«ЭдКэмп Україна» қоғамдық қозғалысы мектептердің қағазға жұмсайтын шығыстарын да есептеді. Орташа есеппен, бір мектеп жылына қағаздың 48 бумасын жұмсайды. Украинада 17 337 мектептің барын ескере отырып, бұл жылына $2,4 млн. шығысты құрайды.