You are here

Ұлыбритания: дәулетті отбасылардан шыққан балалардың табысы анағұрлым жоғары болады

Printer-friendly versionPDF version

Financial Times, 30.03.2017

Ұлыбританияның білім мәселелері жөніндегі хатшысы Дж. Грининг, әлеуметтік ұтқырлық бойынша конференцияда сөз сөйлеп, баланың таланты емес, отбасының мәртебесі болашақта оның еңбекақысының деңгейін анықтайтынын мойындады. 

Грининг айтуынша, елдегі жағдай мынандай: дәулетті отбасылардан шыққан үлгерімі нашар оқушылар кедей отбасылардан шыққан дарынды қатарластарынан анағұрлым жақсы табыс табады. «Табысы жоғары отбасылардан шыққан, бірақ академиялық көрсеткіштері төмен балалар 35 жасқа толғанда, олардың жалақысы, ерте жастан ерекше қабілеттерін танытқан қатарластарымен салыстырғанда, жиі жоғары болып жатады», - деп мәлімдеді білім мәселелері жөніндегі хатшы.

Мектептегі жетістіктері ұқсас болған қызметкерлердің арасында да осындай айырмашылық бар – жоғары лауазымдағы, әлеуметтік мәртебесі төмен отбасылардан шыққан түлектердің табысы, дәулетті отбасылардан шыққандарға қарағанда, орташа есеппен  2200 фунтқа төмен болады. 

Британдық сарапшылар үкіметтің "грамматикалық мектептерді" көбірек ашу жоспарына байланысты елдің білім беру жүйесіндегі әлеуметтік теңсіздікке жиірек аландайтын болды. Бұл мектептерге балалар емтихан негізінде қабылданады, сыншылардың айтуынша, оған тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар ғана дұрыс дайындала алады.