You are here

Ұлыбританияда ата-аналар икемді жұмыс кестемен балаларды күту қызметінің жетіспеушілігіне шағымданады

Printer-friendly versionPDF version

The Guardian, 07.06.2016

Ұлыбританияда жергілікті билік органдарының тек 7% ғана жұмыс кестесі икемді ата-аналар үшін бала күту қызметтерінің жеткілікті санын ұсынады. 2015 жылы бұл көрсерткіш 15% құрады. Өз кезегінде сағатпен жұмыс істеген ата-аналардың және фрилансерлердің саны жыл сайын өсіп келеді.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдардың басым бөлігі қатаң кестемен жұмыс істейді. Тәрбиелеуші/бала арақатынасына қойылатын талаптар ұйымдарға уақытша негізде болса да, балалардың анағұрлым көп санын алуға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, ата-аналар мектепке дейінгі білімнің тегін 15 сағатын алуға мүмкіндіктері жоқ, өйткені бұндай сағаттар тек қатаң кесте бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда ғана қолжетімді. Өз кезегінде бала күту қызметі икемді кестемен жұмыс істейтін ата-аналар үшін 20-40%-ға қымбат.