You are here

Ұлыбританияда Азия елдерінің үлгісі бойынша математика оқулығын шығарды

Printer-friendly versionPDF version

Financial Times, 14.08.2017

Ұлыбританияның білім департаменті а.ж. шілдеде елдің жетекші баспаларының арасында Сингапур және Қытай стандарттары бойынша математика оқулығын жасау жөнінде конкурс өткізді. Сегіз баспаның (олардың қатарында Oxford University Press, Pearson, Scholastic, Collins Learning) біреуі ғана «Maths - No Problem» талаптарына сәйкес келетін оқулықты жасай алды. 

«Мastery approach» әдістемесі («мінсіздік қағидаты») оқулықтың ерекшелігі болып табылады, ол бойынша сыныптың әрбір оқушысы алдыңғы тақырыпты толық меңгергеннен кейін ғана жаңа тақырып өтіледі. Білім департаменті 4 жылдың ішінде 8 мың мектепте осы оқулық бойынша сабақты  бастауды жоспарлап отыр.

Азиялық әдістемеге сәйкес, мұғалімдер оқушылардан сыныптастарына шешімнің өз нұсқасын және пайдаланған ережелерді түсіндіруге өтінеді. Осы тәсіл қытайлық, гонконгтық және сингапурлық оқушылардың PISA тестінде көшбасшы позицияларға ие болуын түсіндіреді деп саналады, бұл кезекте ағылшындық жасөспірімдер небәрі 27-орынға ие болды.

Әзір «Maths - No Problem» баспасы жаңа оқу жылының қарсаңында өз оқулығының жаппай сатылымын күтіп отыр, ал Білім департаменті жаңа оқыту әдістемесін білетін мұғалімдердің санын арттыруды жоспарлар жатыр. 2020ж. қарай «mastery approach» курсынан өткен мұғалімдердің саны 700 адамға жетеді.

Конкурстық іріктеуден өтпеген баспалар ведомствоның бір оқулықты ғана бекіту туралы шешімін сынап жатыр және жаңа оқулықтарды дайындап жатыр. Мысалы, Collins Learning «Real Shanghai Mathematics» қытайлық оқулықтың ағылшын тілді нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Ағылшын нұсқасы мазмұны бойынша түпнұсқаға толық сайма-сай келеді, тек қана оқулықтың беттерінде юаньнің орнына ағылшын фунттарының суреттері пайда болады.